24.kg сайтының хабарлауынша, бұл туралы Қырғызстнның Қаржы министрі Алмаз Бакетаев хабарлады.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі 6,5 млрд долларды құрайды, оның шамамен 4,5 млрд доллары сыртқы қарыз, қалғаны ішкі қарыз.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі мемлекет ішкі несиені жылына орта есеппен 12-14 пайыз, ал сыртқы несиені 2 пайызбен алады. Ал жоғары мөлшерлемемен алынатын ішкі несиелерге көшуді министр сыртқы қарыздың шетел валютасында берілетінімен, бағамы өзгермелі және айтарлықтай өсуі мүмкін екендігімен түсіндірді.
– Айырбастау бағамы мен пайыздық мөлшерлемені бірге алсақ, сыртқы қарыздар бойынша көбірек төлейтін болып шығуы мүмкін. Қарызды өтеу үшін валюта сатып аламыз. Сосын шетелге жібереміз, бұл ақша басқа елдің экономикасына жұмыс істейді. Ал ішкі несиелерді алған кезде біз өзіміздің субъектілерге: банктерге, әлеуметтік қорға және т.б. төлейміз, – деп түсіндірді министр.