Бұл туралы сәрсенбі күні елдің Ұлттық статистикалық комитеті хабарлады, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.
– Моңғолиядағы инфляцияның өсуі импорттық тауарлар бағасының 32,2 пайызға, білім беру қызметтері – 18,6 пайызға, қоғамдық тамақтану, жатақханада тұру және қонақ үй қызметтері – 8,9 пайызға, киім-кешек, тоқыма және аяқ киім – 8,2 пайызға, тұрмыстық техника және электрониканың – 7,6 пайызға өсуімен түсіндіріледі, — делінген ресми мәлімдемеде.
Моңғолия Орталық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың тамызында Моңғолияда жылдық инфляция 6,5 пайызды құрады. Бұл ретте Моңғолияның 3,5 млн халқының жартысынан астамы тұратын ел астанасы Ұлан-Баторда бұл көрсеткіш 6,2 пайызға дейін төмендеген.
Азия даму банкінің (АДБ) қыркүйектегі болжамына сәйкес, Моңғолия экономикасы 2024 жылы 5,5 пайызға және 2025 жылы 6 пайызға өседі. Банк сарапшылары одан әрі экономикалық өсім қызмет салалары мен өнеркәсіп, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін кеңейту арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті.