БастыСаясатТехнология

Ташкентте Халықаралық киберқауіпсіздік саммиті өтеді

9-10 қазан күндері Ташкентте «Киберқауіпсіздік саммиті – Орталық Еуроазия, CSS 2024» атты II Халықаралық киберқауіпсіздік саммиті өтеді.

Iс-шараға 30-дан астам елден 60-қа жуық компания мен 120-дан астам делегат қатысады деп күтілуде, деп жазады ӨзА

Саммитке Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Түркіменстан, Тәжікстан және Қазақстан сияқты 10-нан астам шетелдік мемлекеттің киберқауіпсіздік мәселелеріне жауапты органдары мен халықаралық ұйымдар қатысады. Олардың қатарында Халықаралық электрбайланыс одағы, FIRST, OIC-CERT ұйымдары, сондай-ақ SABABA, Check Point, Cloudflare, Fortinet, Group-IB, Trend Micro сынды компаниялар бар. Сонымен қатар, саммитке белгілі маман, хакер Джейсон Стрет те өз презентациясымен қатысады.

Саммиттің негізгі тақырыбы — цифрлық әлемдегі киберқауіпсіздіктің маңыздылығы, шешім, қауіп және серіктестік, сондай-ақ маңызды инфрақұрылымдар мен бизнес активтерін қорғау мәселелеріне арналмақ. Биылғы саммитте 60-қа жуық баяндамашы өз компаниялары мен ұсыныстарын таныстырады.

Екі күнге жоспарланған саммит аясында «Cyberkent 2.0» CTF (ашық тапсырмалар), жас ұрпаққа арналған «Robbo-Fest» робототехника жарыстары, сондай-ақ «Cyberkent 2.0» республикалық байқауы аясында «Workshop» семинар-тренингі өтеді.

TuraNews

Back to top button