БастыСпорт

Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Бүгін, 7 қазанда, Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды.

BasSport.kz сайтының хабарлауынша, үстел теннисінен Азия чемпионатына 26 елден 210 спортшы қатысады.

Чемпионатта отандық команда құрамында келесі спортшылар қатысады:

— Кирилл Герасименко;

— Алан Құрманғалиев;

— Искандер Харки;

— Айдос Кенжеғұлов;

— Санжар Жұбанов;

— Сарвиноз Миркадирова;

— Зауреш Акашева;

— Анастасия Лаврова;

— Анель Бақыт;

— Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ.

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

TuraNews

Back to top button