ӘлемБасты

Иран әуежайлары шектеулерді алып тастап, жұмысын қайта жандандырды

Иран 7 қазан күні таңертеңге дейін әуе қатынасына бұрын енгізілген шектеулерді алып тастады.

Бұл туралы Ислам Республикасының Азаматтық авиация ұйымының өкілі Джафар Язерлу мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

— Операциялық кедергілердің жойылуына байланысты әуе рейстеріне бұрын жарияланған шектеулер жойылды. Бүгін 23:00–ден бастап (Астана уақыты бойынша 00:30) рейстер әдеттегідей орындалып жатыр, — деді Джафар Язерлу IRNA агенттігіне.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Иранның Азаматтық авиация ұйымы 6 қазан күнгі сағат 22:30–дан 7 қазан күнгі 07:30–ға дейін елдегі барлық әуежайлардан рейстерді тоқтатқан.

Бұған дейін Израильдің Бейрутке жаңа шабуылдар жасағаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Иран Израильге зымырандар ұшырды. Йемен де Палестина мен Ливанды қолдап, Тель-Авивтегі Израильдің әскери нысанасына шабуыл жасау үшін Яфа ұшқышсыз ұшағын пайдаланды.

Израиль өз кезегінде Ираннан кек алуға уәде берді.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button