БастыСпорт

Хоккейден Азия чемпионаты Алматыда өтеді

Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, бұл туралы елің Ұлттық олимпиадалық комитетті хабарлады.

Турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек.

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен.

Еске салсақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді.

 

TuraNews

Back to top button