Экономика

Қызылорда: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

2024 жылы 25 шілдеде Қырғызстандағы JICA «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жетекшісі Ахикиса Харагучидің қатысуымен жергілікті тауарөндірушілердің көрмесі өтіп, оған облысымыздың 40-қа жуық өнім өндіруші қатыстқан болатын.

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне қатысушыларды кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған жұмысшы топ бағалап, 10 тауарөндірушіні үздік деп анықтаған болатын. Ендігі кезекте Палатамен арнайы Бренд комитет құрылып, оның төрағасы болып Палатаның Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов тағайындалды. Нәтижесінде, тауарларды таңдауда және аймақтық брендті тағайындау туралы шешім қабылдауда дауыс беру құқығы бар 21 адамнан құрылған өңірлік Бренд-комитет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша 3 жеңімпаз анықтады, таныс болыңыздар:

1. Ишанова Мархабат Мамбетәлікызы – қарағаштан домбыра жасау (Қызылорда қаласы);

2. Сексенбаева Роза Жақсылыққызы – ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдер (Қазалы ауданы);

3. Орекешова Зәуреш Артықбайқызы – түйе етінен шұжық өнімдерін дайындау (Арал ауданы).

Алдағы уақытта жоба жеңімпаздары республикалық көрмеге қатысып, Атамекен палатасының қолдауымен өз өнімдерін республикалық және халықаралық деңгейге шығаруға толық мүмкіндік алады.

TuraNews

Back to top button