Экономика

Қызылорда облысында креаторларға арналған бизнес-клуб ашылды

Қазіргі уақытта клубқа 30 кәсіпкер мүше болып тіркелген.

«CREATIVE ORDA» – қызылордалық кәсіпкерлерге арналған жаңа орта, пайдалы жоба. Бизнес өкілдерінің өзара тәжірибе алмасып, іскерлік коммуникация орнатуына, креативті команда жасақтауына, ең бастысы, отандық брендтің дамуына үлес қосуға бағытталған тың бастама.

Бұл бастама креативті бизнес өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу, нетворкингті және отандық брендті қолдауға бағытталған. Аталған клубта кәсіпкерлер үшін практикалық жұмыстар мен мастер-класстар өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта клубқа 30 кәсіпкер мүше болып тіркелген.

Кызылорда облысында жалпы 3467 креативті индустрия субъектісі жұмыс істейді. Негізгі бағыттары – қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер.

TuraNews

Back to top button