Экономика

Қызылорда облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тізілімге енгізуге кезекті құжат қабылдау бүгіннен басталуда

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады.

Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ
Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1
Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі
№ 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың «1» қыркүйектен  бастап
2024 жылдың «15» қыркүйек аралығы (жұмыс күндері)
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2024 жылдың «1» қыркүйегі сағат 09:00
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2024 жылдың «15» қыркүйегі сағат 19:00

 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.
 

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі№ 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:

1 санат – келесі халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

  • мүгедектігі бар адамдарды;
  • мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;
  • зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);
  • балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;
  • белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
  • аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
  • наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
  • қандастарды.

 

2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

— әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

— азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

— әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

— мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

— жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;

— коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімделуді көздейтін қызметтер, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтер;

— медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу;

— мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру;

— қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары;

— мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу.

4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:

— отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;

-мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;

— әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту;

-мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)

— қоршаған ортаны қорғау;

— халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша
іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

TuraNews

Back to top button