Басты

Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсының логотипі қабылданды

Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсының (ATNA) логотипі бекітілді. Бұл туралы ATNA хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Қырғыз Республикасының «Кабар» Ұлттық ақпарат агенттігі ұсынған логотип бес қатысушы елдің ақпарат агенттіктері арасында өткен байқауда жеңімпаз деп танылды.

2023 жылы 6 қарашада Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсы (Alliance of Turkic News Agencies-ATNA) құрылды. Оның құрамына QAZCONTENT АҚ (Қазақстан), Anadolu Ajansı (Түркия), AZERTAC (Әзербайжан), KABAR (Қырғызстан), UZA (Өзбекстан) Халықаралық ақпарат агенттіктері кірді. Ыстанбұлдағы тиісті декларацияға осы медиа компаниялардың басшылары қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, ATNA атқарушы кеңесінің бірінші отырысы 2024 жылдың 21 шілдесінде Шушада өтті. Кездесуде Венгрияның MTI агенттігін альянсқа бақылаушы ретінде қабылдау мәселесі талқыланып, келесі жылы өтетін жалпы ассамблеяда дауысқа салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ кездесуде түркі ақпарат агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ақпарат алмасуды жеделдету, жалған ақпаратпен күресу, оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және Альянсты жаһандық ақпарат кеңістігіне біріктіру мәселелері қарастырылды. Уақытша төрағалықты Анадолы агенттігі өз қолына алды.

TuraNews

Back to top button