ҚоғамСпорт

ШҚО әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарымен кездесті

Облыс басшылығы атынан жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыс етілді

«Барша әлем назарын өзіне аударған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өте жоғары дәрежеде өтті. Тіпті әлі күнге дейін сол туралы талқылаулар, жақсы пікірлер айтылып жатыр. Дүбірлі додаға Шығыс Қазақстаннан 20 спортшы қатысқан болатын. Олар көшпенділер ойындарына арқан тартыс, дәстүрлі садақ ату, таяқ тарту және бәйге сынды спорт түрлерінен бақ сынасып, жүлдері орындарды иеленді. Сіздерді осы жетістіктеріңізбен құттықтай отырып, әлі де жеңісті күндеріңіз көп болсын дегім келеді», — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Дәстүрлі садақ атудан командалық біріншіліктің күміс жүлдегері Төлеуханова Ажар, таяқ тартудан Тахмина Гожамбердиева мен Ольга Душаева қола жүлдегерлері атанды.

Спортшылар жарысқа дайындықта, сапар кезінде қолдау білдірген облыс басшылығына алғыстарын жеткізді.

«Біздің командада Атыраудан Алтайға дейінгі әр өңірдің садақшылары жиналды. Еліміздің намысын бірге қорғадық. Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Финалға сенімді түрде шығып, Австралияға жол бердік. Жебелеріміз дөп тигенмен жамбыға қадалмай жатты. Енді келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық жүргізіп, бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Облыс әкімдігі тарапынан бізге жан-жақты қолдау көрсетілді. Сол үшін рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдіргіміз келеді», — дейді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Ажар Төлеуханова.

Жиын барысында облыс басшылығы атынан жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

TuraNews

Back to top button