Қоғам

Өскеменде тәртіп сақшылары оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді

Өскемен қаласының №35 мектебінің жас кадеттеріне алғашқы оқу күнінде ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері қонаққа келді.

Өткен оқу жылының соңында 48 бірінші сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, Отанды қорғауға және құрдастары мен жас ұрпақ үшін нағыз батылдық пен ерліктің үлгісі болуға уәде беріп, полиция кадеттері атанды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Манапов балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, көшеде, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтып берді.

— « Бейтаныс адамдармен араласпаңыз және оларды үйге кіргізбеңіз. Әрқашан ата-анаңызға қайда және кіммен жүргеніңізді және қанша уақытқа барғаныңызды ескертіңіз.Көшеде кеш қалмаңыз және бейтаныс адамдарға көлікке отырмаңыз. Егер сізге қауіп төніп тұрса, дереу полицияға «102» нөміріне қоңырау шалу керек. Полицей сіздің досыңыз — ол міндетті түрде көмектеседі», — деп атап өтті полиция полковнигі С.Манапов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшысы балаларға көшеден өту ережелерін еске салды. Бұл ретте оған жас жол инспекторлары көмектесіп, кішкентайларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін ойын түрінде айтып берді.

Кездесу бағдарламасы өте қарқынды болды. Мектеп оқушыларының назарын ЖҚАЖ-дың демонстрациялық қойылымдары аударды. Жауынгерлік самбоның әдіс-тәсілдері балалардың тынымсыз ду қол шапалақтаулары мен лебіздеріне ұласты.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік сабақтары мен өскелең ұрпақпен үздіксіз диалогтың арқасында қазақстандық жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейі айтарлықтай артып келе жатқанына сенімді.

Өскемен қаласындағы №35 мектептің кадет сыныптарының екеуі де милиционер-батыр Юрий Дробышевтің есімімен аталатынын айта кетейік.

ШҚО ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы милиция подполковнигі Юрий Михайлович Дробышев 1983 жылдың 1 қыркүйегінде қауіпті қарулы қылмыскерді ұстау кезінде адамдарды қорғау үшін өмірін қиған.

TuraNews

Back to top button