БастыЭкономика

Тәжікстанда электронды әмиянды пайдаланушылар саны артып келеді

Тәжікстанда 2024 жылдың 30 маусымына дейін 23 несиелік қаржы институтында 10,4 миллион электронды әмиян тіркелген.

Тәжікстан Ұлттық банкінің хабарлауыгша, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды әмияндар саны 2,9 миллион бірлікке (39 пайызға) өсті.

2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында электронды әмияндар арқылы қолма-қол ақшасыз 8,625 миллион транзакция жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға артық.

Транзакциялардың жалпы көлемі 1,212 млрд сомониді (113 млн АҚШ долларынан астам) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,6 пайызға артық болған.

TuraNews

Back to top button