БастыҚоғам

Автобуспен көшпенділер ойындарын көруге шыққан түрік отбасы Астанаға жетті

Ерлі-зайыпты Идил мен Бурак екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамыз күні шыққан. Олар Түркия, Грузия, Ресей, Татарстан арқылы Астанаға жетті.

Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін Анкарадан автобуспен шыққан түрік отбасы Астанаға ат басын тіреді. Олар елордаға дейін 5400 шақырым жол жүріп келді.

Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында  түрік отбасы Анкарадан басталып, Астанада аяқталған сапарлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Клиникалық психолог Идил Дуран мен ұста Бурак Дуран Ыстанбұлдағы әдеттегі өмірлерін тастап, 2 жасар баласы Гүнеш Кутлуханмен бірге «Гөчебе» деп атаған керуенде шамамен 9 ай бойы өмір сүріп келеді.

1982 жылғы үлгідегі автобусты керуенге айналдырған Дуран ерлі-зайыптылары «Ораларнерелер» деп аталатын әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлері мен саяхаттары туралы жазады.

Биыл 8-13 қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға шақырылған ерлі-зайыптылар шараға қатысу 5 мың 400 шақырымды бағындырып, Астанаға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бүгін сағат 19.00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

 

TuraNews

Back to top button