БастыСпорт

«Ордабасы» командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды

Шымкенттің «Ордабасы» командасы футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алд, деп Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

«Астана Аренада» өткен матчте кубокты «Ақжайық» пен «Ордабасы» командалары сарапқа салды.

11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (7-минут) пен Том Табатадзе (11-минут) соқты.

«Ордабасы» 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен бір голдың есесін қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің голы есепті теңестіруге мүмкіндік берді — 2:2.

Алайда көп ұзамай «Ақжайық» тағы екі гол соқты — Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).

«Ордабасы» 76-минутта Максим Федин артта қалған есепті қысқартты — 4:3. 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды — 4:4.

Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, «Ордабасыға» жеңіс әкелді.

Кездесу «Ордабасының» жеңісімен аяқталды. Шымкенттік клуб бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды, енді «Ордабасы» 2023/24 маусымында еурокубоктарға қатысады.

TuraNews

Back to top button