Басты

Түркия БРИКС-ке қосылуға өтініш берді

Қауымдастықты кеңейту мәселесі қазанның 22-24-і күндері Қазанда өтетін БРИКС саммитінде қаралуы мүмкін.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Түркия осылайша әлемдегі ықпалын күшейтуге және дамушы елдермен байланысын кеңейтуге ұмтылады. Мәселе қазанның 22-24-і күндері Қазанда өтетін БРИКС саммитінде қаралуы мүмкін.

БРИКС-ті 2006 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай құрды, ал Оңтүстік Африка 2011 жылы қосылды. 2024 жылдың 1 қаңтарында Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия топтың толыққанды мүшелері болды. Биыл қауымдастыққа Ресей төрағалық етеді.

Бұған дейін Қытай Қазақстанның БРИКС-ке кіруін қолдайтынын мәлімдеді.

TuraNews

Back to top button