Әлем

Әлемдегі екінші FTX криптовалюта биржасы банкроттық жариялады

Сэм Банкмен-Фридтің FTX крипто биржасы банкроттыққа ұшырады, миллиардер бас директор қызметінен кететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Компанияның жұма күнгі Twitter-дегі мәлімдемесінде FTX және оның еншілес Alameda Research криптовалюта сауда қоры, сондай-ақ 130-ға жуық басқа компания Американың банкрот кодексіне сәйкес ерікті банкроттық процедурасын бастағанын жазған.

«Компания бас директоры Сэм Бэнкман-Фрид отставкаға кеткен» делінген хабарламада.

Осыдан екі ай бұрын Forbes журналы 30 жастағы криптовалюта бизнесі басшысының дәулетін 17 млрд доллар деп бағалады.

Криптовалюта биржасы «бүкіл әлемдегі барлық мүдделі тараптардың игілігі үшін» активтерді тексеру мен монетизациялаудың реттелген процесін бастауға ниетті екенін мәлімдеді.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button