Қоғам

Әлеуметтік желіде «Өскеменде маньяк пайда болды» »: полиция түсінік берді

Әлеуметтік желіде «Өскеменде маньяк пайда болды» деген жалған ақпарат тараған. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оқырмандардың жазуынша, 13 тамызда «Турист» автобазасы ауданындағы саяжайлардың бірінен шамамен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылған. Кейін сол елдің тұрғындарының арасында әңгіме жүріп, тағы 1-2 әйелдің қаза тапқаны айтылған.

«Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларына бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

TuraNews

Back to top button