ҚоғамСпорт

ШҚО ПД-да Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушыларды марапаттады

Бүгін облыстық Полиция департаментінде Парижде өткен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған Шығыс Қазақстан спортшыларын салтанатты түрде қарсы алды.

Элизавета Матвеева — қазіргі Олимпиаданың дебютанты, биіктікке секіруден Азия чемпионы.

Шарлаимов Вадим мен Курбанов Руслан – әлемдік аренадағы жоғары жетістіктердің арқасында семсерлесуден Қазақстан спорты тарихына енген, бұған дейін семсерлесуде мұндай нәтижелерді ешкім көрсетпеген. Сонымен қатар, Курбанов Руслан — қазақстандық семсерлесушілердің көшбасшысы және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Спортшы өзінің екінші олимпиадасында үздік алтылықтың қатарынан көрінді.

Айта кетейік, олардың барлығы «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының тәрбиеленушілері болып табылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында қызмет етеді.

«Сіздер осындай жарыстарға дейін жетіп, әлемнің үздік спортшыларының қатарына кірдіңіздер, бұл қазірдің өзінде үлкен жетістік. Сіздердің алдарыңызда біздің елімізді олимпиадада лайықты түрде таныстыру және елдің намысын қорғау сынды маңызды және өте жауапты міндет тұрды және сіздер оны абыроймен орындадыңыздар. Сіздердің чемпиондық мінездеріңіздің, табандылықтарыңыздың, жеңіске деген ерік — жігерлеріңізбен жинаған тәжірибелеріңіздің арқасында біз үлкен нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін»,-деді ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Спортшылар негізгі жарыстар алдында толқу болғанын, оны жеңуде бапкерлердің қолдауы көмектескенін атап өтті. Сонымен қатар, Олимпиада алаңында трибунада жанкүйерлер қолдау көрсетсе, телеэкрандарда ата-аналары мен тәлімгерлері қолдау көрсетті.

Тынымсыз дайындық, ерік-жігер, еңбекқорлық және бірлік рухы жерлестерімізге әлемдік ареналарда бұдан да көп медальдарды жеңіп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өз есімін мақтанышпен паш етіп, Олимпиада ойындарының тұғырынан көрінуге көмектеседі деп үміттенеміз.

TuraNews

Back to top button