ШҚО: балалық шақты – бақытты, ал жолдарды — қауіпсіз! – қамтамасыз етеміз!
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларын жолдарда жауапты әрі сақ болуға шақырады.
26 тамыздан бастап 6 қыркүйек аралығында өткізілетін «Абайлаңыз, балалар!» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубының білім алушылары мен тәртіп сақшылары «Қауіпсіздіктің трамвайы» атты акция өткізді.
«Балалық шақты – бақытты, ал жолдарды — қауіпсіз! –қамтамасыз етеміз!» атты ұранымен акция қатысушылары трамвай жолаушыларына парақшалар таратып, жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай орындау жөнінде суреттерді көрсетті.
ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 26 тамызынан «Абайлаңыз, балалар!» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды және балалардың жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған акциялар, сайыстар өткізіледі.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларында 143 бала жарақаттанған, оның ішінде 4 кәмелетке толмағандар қаза болғанын атап өткен жөн.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларын жолдарда жауапты әрі сақ болуға шақырады.