БастыСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Ақорда 22-23 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен баратынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан мен Тәжікстанды қандай мүдделер тоғыстырады? Kazinform тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, екі ел серіктестігінің жай-күйін біліп, қарым-қатынасына шолу жасады.

 

TuraNews

Back to top button