Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге қара металл қалдықтарын экспорттауға салынған уақытша тыйым алты айға ұзартылды. Тиісті қаулыға Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тыйым ЕАЭО HS 7204 коды бойынша жіктелген қара метал қалдықтарына, қайта балқытуға арналған қара металл құймаларына (шихталық құймалар) қатысты.
ҚР Экономика және Коммерция министрлігіне белгіленген тәртіппен Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны, ҚР Сыртқы істер министрлігіне — атқару комитетін, ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметіне және ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.