БастыСпорт

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарын 7 медальмен аяқтады

Кеше Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары мәресіне жетті.

Қазақстандық спортшылар Франция астанасында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілетеме жасап.

Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті. Сондай-ақ, қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді.

TuraNews

Back to top button