Басты

Түркияның 80-нен аса кинотеатрында қазақ киносы көрсетіледі

Ыстанбұлда қазақстандық «Почти Мачо» комедиясының түркиялық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті.

11 тамыздан бастап фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көпшілік көрерменге ұсынылады. Бұл туралы qazaqstan.tv жазды.

Бұған дейін қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылған, ал жастарға арналған комедия жанрындағы фильм алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрсетілімге жиналғандар фильмге жоғары баға берді. Картинада анасы аз уақытта үйлендіргісі келетін Дамир атты жас жігіттің басынан өткен қызықты оқиғалар сәтті өрілген.

Неғұрлым басқа мәдениетті және киносын танысақ соғұрлым бір қадам алдыда жүреміз деп ойламын. Біз тек қана Түркия нарығына емес бүкіл әлемге қазақ киносын танытамыз деген жоспарымыз бар. Жақында Қазақстан Америка сопродукция фильмге дайындық жүріп жатыр. Ол жерде Голливудтың танымал актерлары және Англияның, Түркияның танымал актерлары ойнайды, — дейді Надира Ахонова, Фильмнің Түркиядағы продюсері.

TuraNews

Back to top button