БастыСпорт

9 тамызда Қазақстан спортшылары қай спорт түрінен сынға түседі?

Париж Олимпиадасында бүгін қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.

Алдымен 12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

Сондай-ақ 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетейік, Олимпиаданың 13-ші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

 

TuraNews

Back to top button