Өзбекстан мен Қытай коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны сынақтан өткізуде
Өзбекстан мен Қытайда коронавирустың «омикрон-дельта» штамына қарсы жаңа рекомбинантты ақуыз вакцинасының клиникалық сынақтары басталды, деп хабарлайды Turanews.kz порталы ҚазАкпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екі елдің ғалымдары жаңа екінші кезеңдегі протеиндік вакцина коронавирустан тиімді және ұзақ қорғанысты қамтамасыз етеді деп болжам жасауда.
«Біз Өзбекстан- Қытай арасындағы екінші кезең вакциналары бойынша ынтымақтастық сәтті аяқталуда. Бүгін аталған вакцинаның ғылыми-зерттеу және клиникалық сынақтарын жасаудамыз», — деді Өзбекстанның Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмонов.
Қытай Ғылым академиясының академигі Гао Фу Қытай мен Өзбекстан бұған дейін ZF-UZ-VAC-2001 коронавирусқа қарсы бірінші кезең екпесін сәтті шығарғанын атап өтті. Нәтижесінде, бұл вакцинаның 300 млн-нан астам дозасын бүкіл әлем қолданып, ол жаһандық індетпен күреске үлкен үлесін қосты.