БастыСпорт

Түркияда муай-тайдан түркі елдерінің әлем чемпионаты өтеді

14-18 тамыз аралығында Ыстанбұлда муай-тайдан түркі елдерінің әлем чемпионаты өтеді.

Түркияның Муай-тай федерациясының хабарлауынша, спорттық шара Түркияның Жастар және спорт министрлігі, Түркия Сыртқы істер министрлігі, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) және Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қолдауымен өтеді. .

Чемпионатқа Түркиядан бөлек Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Венгрия, Иран, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Босния және Герцеговинадан спортшылар қатысады.

«Чемпионаттың ашылуы 15 тамызда, ал финалдық жарыстар мен марапаттау рәсімі 18 тамызға жоспарланған», — денілген хабарламада.

TuraNews

Back to top button