Түрік атқышы Юсуф Дикеч 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерінен кейін әлеуметтік желіде танымал болды.
51 жастағы Дикеч 10 метрге пневматикалық тапаншадан аралас жұппен ату сайысында күміс медаль жеңіп алды.
Дикечтің жарыс кезінде арнайы құрал-жабдықтарды қолданбағанына спорт сүйер қауым таң қалды.
Атқыштар жарыста жарқырауды болдырмас және нысананы жақсарту үшін арнайы көзілдіріктерді, сондай-ақ шуды болдырмайтын құлаққаптарды пайдалана алады, ал бірақ ол күнделікті жәй көзілдірігін киіп жарысқа қатысты және осыған қарамастан, күміс жүлденің иегері болды.
Айта кетейік, Дикеч осыған дейін бес рет Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, бірақ Парижде алғашқы медалін жеңіп алды.