СаясатЭкономика

Қазақстанда 2030 жылға қарай газ өндіруді 91 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланып отыр

2024 жылға қарай 128 елді мекенді газдандыру жоспарлануда, бұл газбен қамту деңгейін 61,8%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Газ өндіру көлемі 2013 жылғы 42,3 млрд текше метрден 2023 жылы 59,1 млрд текше метрге дейін ұлғайды. 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша газ өндіру көлемінің өсуі де оң серпінді көрсетіп отыр. 2030 жылға қарай өндіріс көлемі 91 млрд текше метрге дейін өседі деп күтілуде, деп хабарлвйды primeminister.kz.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газбен қамту деңгейі 60% құрады, табиғи газға 12 млн адам қол жеткізе алды. 2024 жылға 128 елді мекенді газдандыру жоспарланған, бұл газбен жабдықтау деңгейін 61,8%-ға дейін арттырады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 107 жобаны іске асыруға 89,3 млрд теңге бөлінді. Бұл 232,6 мыңнан астам халқы бар 44 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1,7 мың км газ құбырларын жаңғыртуға – яғни жаңа құрылысқа қосымша 105,4 млрд теңге бөлінетін болады.

 

TuraNews

Back to top button