БастыҚоғам

Бүгін Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі

30 шілде Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі ретінде аталып өтеді.

Атаулы мерекелік күн 2020 жылда Мемлекет басшысының қаулысымен ресми түрде қабылданған.

Халықтар достығы күнін мереке ретінде атап өтудің басты мақсаты — ынтымақтастық, толеранттылық, ұлтаралық келісімді нығайту және адамдар, мемлекет пен жалпы қоғамның әртүрлі құрылымдары арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту.

Айтулы мерекенің шығу тарихы, 2020 жылдың 29 желтоқсанында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауы барысында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 30 шілде Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өтуі жайлы айтып, бұл датаны Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» ретінде белгілеуді ұсынған болатын.

 

Source
ӨзА агенттігі

TuraNews

Back to top button