Трабзонспордың бас хатшысы Кемал Өзтүрік ұйымдастырған жиында Өзтүрік Trabzonspor ретінде ұйымдастырған шараларда түркі әлеміне ерекше орын беретіндерін айтып,
«Біз өткізген Trabzonspor футбол мектептері іс-шарасына Әзербайжаннан да қатысты. Жастарымыз арасындағы достық пен бауырмалдық одан сайын нығая түсуі қатты қуантты», — деді.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ ретінде, әсіресе, түркі әлемінің болашағы саналатын жастарға арналған мәдени және спорттық шараларға көңіл бөлетіндерін және түркі республикалары қатысатын футбол ұйымын ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын, 12-13 жас тобындағы жастар қатысатынын және шара қыркүйек айында қолға алынатынын айтты.
Кездесу Кемал Өзтүріктің Сұлтан Раев пен Сайт Юсуфқа сыйға тартқан Trabzonspor жейдесін таныстыру және суретке түсумен аяқталды.