БастыЭкономика

Әзербайжаннан Түркияға газ жеткізу уақытша тоқтатылады

Әзербайжан газын Түркияға жеткізу тамыз айында экспорттық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге тоқтатылады.

Бұл туралы Түркияның газ өндіруші BOTAS мемлекеттік компаниясының ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады агенттігі.

«Шах-Дениз» құбырында (кен орнынан) техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстарға байланысты Түркияның Ұлттық газ тарату желісіне табиғи газды Түркгезу кіру нүктесінен бес күн аралығында – 31 шілдеден 5-інші тамызға дейін, ал TANAP Сейітгази кіру нүктесінен (Трансанатолий құбыры) — төрт күн ішінде – 5-9 тамыз аралығында беру мүмкін болмайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар кезінде ұлттық газ тарату желісіндегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданғанын атап өтті.

Түркияға «Шах-Дениз» кен орнын игерудің 1 және 2 кезеңдері аясында өндірілетін Әзербайжан газы жеткізіледі.

 

TuraNews

Back to top button