БастыЭкономика

Қазақстан мен Әзербайжан ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге келді

Қазақстан мен Әзербайжан Республикасы бірқатар ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге қол жеткізді, бұл екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарын дамытуда маңызды қадам болмақ. Бұл бастама министрліктің аграрлық секторды дамыту және Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып саналады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйелі негізде мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарын жақсарту, өндірушілердің жаңа халықаралық нарықтарға шығуына қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдауда. Ведомство келіссөздерде негізгі рөл атқарды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Енді отандық өндірушілер ірі және ұсақ малдан алған сүт пен сүт өнімдерін Әзірбайжанға экспорттай алады. Сондай-ақ құс етін, ішкі өнімдер мен жанама өнімдерді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Түйелерді және түйе тұқымдасының басқа да түрлерін, атап айтқанда лама, альпака және викунья, асыл тұқымды ірі қара, ұсақ мал, союға арналған ірі және ұсақ мал, консервілер, шұжық және басқа да дайын ет өнімдерін экспорттау үшін ветеринариялық сертификатқа қол қою келісілді.

«Қол жеткізілген келісім қазақстандық экспортты кеңейту және екі ел арасындағы мал шаруашылығы саласындағы экономикалық серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл экономикалық өсім мен өркендеуге септігін тигізетініне сенімдімін», — деп Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келісімнің маңыздылығына тоқталды.

Экспортқа шығарылатын өнім түрлерін кеңейту жұмыстары жалғасуда.

 

TuraNews

Back to top button