Басты

Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салу керек — Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару керектігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдікке осы шаруаларды пысықтауды тапсырамын. Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе», — деп атап өтті жиында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button