БастыСаясатТуризмЭкономика

Өзбекстанға туристік көлікті әкелу кезінде кедендік баж салығы төленбейді

Туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер тарапынан елге әкелетін автобустар мен шағын автобустар кедендік баж салығынан босатылады.

Бұл туралы жергілікті БАҚ Өзбекстанның Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлік мәліметінше, кедендік салықтығы жаңа өзгеріс Өзбекстан президенттінің «Туризм инфрақұрылымын жақсарту және Өзбекстан Республикасына шетелдік туристер ағынын одан әрі арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында көзделгені атап өтілді.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 1 тамызына дейін Қарақалпақстан Республикасында тіркелген және лицензиясы бар туроператорлар экстремалды турлар үшін кемінде 2,4 литр қозғалтқышы бар жол талғамайтын көлік құралдарын әкеле алады, кедендік баж салығы мен кәдеге жарату алымын ағымдағы мөлшерлеменің 25 пайызы мөлшерінде үш жылға бөліп төлей алады.

«Сонымен қатар, туризм саласындағы кәсіпкерлер, Өзбекстанның қолөнершілері мен мәдениет және өнер қайраткерлері халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысады деп жоспарлануда.

Үш жылдан аз жұмыс істейтін туроператорларға аталған іс-шараларда павильондарды жалға алу құнының 50 пайызы өтеледі. Сондай-ақ, қолөнершілердің павильондарды жалға алу, өнімдерді тасымалдау және халықаралық көрмелерге қатысу үшін әуе билеттері шығындарының 50 пайызы өтеледі», — денілген хабарламада.

TuraNews

Back to top button