«Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы швейцариялық теннисші Роджер Федерер ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік теннисшісі болып танылды, деп жазады Zakon.kz сайты.
Екінші орында «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін жеңімпазы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы серб теннисшісі Новак Джокович тұр. Үштікті 22 дүркін жеңімпаз испан теннисшісі Рафаэль Надаль аяқтады.
Рейтингті құрастыру кезінде басылымның бүкіл әлем бойынша филиалдары өз кандидатураларын ұсынды, содан кейін спорт сүйер қауым үміткерлерді дауысқа салды.
Федерер 2022 жылдың қыркүйегінде Лондондағы Лавер-2022 кубогында өнер көрсеткеннен кейін спорттан кетті. Ол өзінің қоштасу матчын 22 дүркін «Үлкен Дулыға» турнирінің чемпионы, бұрынғы әлемдегі алғашқы ракетка испандық Рафаэль Надальмен жұптық ойында өткізді.
Бұған дейін Рафаэль Надаль Олимпиадаға дайындығы туралы айтқан болатын.