Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды
Ақмола облысының Сандықтау ауданында көне артефакт табылды. Тарихи олжаны «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау аудандық ТЖБ қызметкерлері Нұрсұлтан Әшкенов пен Ахмет Зарипов Балкашино ауылы маңындағы орман ішінен байқаған.
«Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау ауданы ТЖБ қызметкерлері тарихи олжаға тап болды, деп хабарлайды Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Артефакт — тасқа белгіленген адамның келбеті. Олжа туралы Ақмола облысы ТЖ департаментіне және жергілікті өлкетану мұражайына хабарланды. Бұдан әрі олжа туралы ақпарат тек Астанадан ғана емес, тіпті алыс шетелден келген ғалымдарға да мәлім болды. ТЖ қызметкерлері қонақтарды ескерткішпен таныстырды.
Бүгінгі таңда мүсіншінің ежелгі өнімі қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес.
«Ғалымдардың пікірлері екіге бөлінді. Кейбіреулер бұл тас қола дәуірінен бері бар десе, ал басқалары оны кейінгі түркі кезеңіне жатқызады. Тіпті, ғалымдардың бірінің пікірінше, Сібірде табылған олжаларға ұқсастықтар бар. Қай пікірдің дұрыстығын әрі қарай зерттеу шешеді, бірақ қазірдің өзінде бұл жаңалық үлкен тарихи құндылыққа ие деп айтуға болады», — денілген хабарламада.
Қазіргі уақытта артефакт қорғауға алынды.