Спорт

«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

«Ордабасы» командасы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде молдавиялық «Петрокубтан» жеңіліп қалды.

Кездесудегі жеңісті голды алаң иелері сапынан Теодор Лунгу соқты. Ол ойынның 34-минутында мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында өткен бірінші матчта екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Шымкенттік клуб енді Конференция лигасында өнер көрсетеді. Аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық ұжым Люксембургтің «Дифферданж» футбол клубымен кездеседі.

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button