БастыДенсаулықМәдениетСаясатСпортТуризмЭкономика

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеёвтің шақыруымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 18-19 шілдеде осы елге мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлім етті.

«Сапар аясында Президент Садыр Жапаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қырғыз-өзбек қатынастарын дамыту перспективаларын талқылайды. Мұнымен қатар, Садыр Жапаров Қырғызстанның Өзбекстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанатына қатысады», — деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар сапарға орай қырғыз-өзбек бизнес-форумы және Қырғызстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы сияқты бірқатар іс-шара ұйымдастырылмақ.

TuraNews

Back to top button