БастыТехнология

inDrive.Межгород сауалнама: Қазақстандықтар Ирина Кайратовнаны сапарлас ретінде таңдауды жөн көреді және радиодан Тейлор Свифттің әндері ойнап тұрғанын қалайды

Қазақстан тұрғындары сапарға қай музыканттармен бірге шыққысы келетінін айтты

inDrive қазақстандықтардың музыкалық қалаулары туралы әзіл түріндегі қызықты зерттеу жүргізді. inDrive.Межгород командасы inDrive қосымшасында сауалнама жүргізіп, жолаушылардың кімдермен сапарлас болғысы келетінін анықтады. Нәтижесінде, Қазақстанда танымал әртістер мен музыканттар көш бастап тұр. Сауалнама күтпеген жағдайлар мен драмасыз да болмады.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың көбі қалааралық сапарға Ирина Кайратовна тобымен  шыққысы келеді екен. Музыканттарға жолаушылардың 30% дауыс берген. Бір қызығы, бұл топ дизлайктар бойынша да екінші орында тұр (19%). Жолаушылар Ирина Кайратовнаның «5К»-сы (бес мыңы) inDrive.Межгородқа жол ақысын төлеуге жетпейді деп ойласа керек.

Скриптонитпен сапарлас болғысы келгендер 17%-ды құрады. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген небәрі 14% жинады. Ерке Есмаханның «Қайда» әні ел аузынан түспейтін хитке айналып кеткенінің арқасында, 9% жолаушылар әншімен бірге өз махаббатын іздеп Қазақстан қалаларына саяхаттауды армандайды екен. Рейтингті жас инди орындаушы Ayau аяқтайды, оны  қосымша пайдаланушыларының 8%таңдапты.

Сөйтіп, қалааралық авто сапарда жолаушылар Қайрат Нұртаспен көрші отырғысы келмейтін болып шықты (27%). Бұл пайдаланушылардың сүйікті халық әртісінің кейінгі кездері қоғамдық жерлерде көзге түсіп қалған ұнамсыз қылықтарына байланысты болуы мүмкін. Ол бір жыл ішінде екі рет ұсақ бұзақылық жасап, сол үшін жауапқа тартылған: көктемде сахнада балағат сөздер айтса, жақында ұшақ бортындағы төбелесі жария болғаны белгілі.

 

Топ-рейтинг

1. Ирина Кайратовна 30%

2. Қайрат Нуртас 21%

3. Скриптонит 17%

4. Димаш Құдайберген 14%

5. Ерке Есмахан 9%

6. Ayau 8%

Анти-рейтинг

1. Қайрат Нуртас 27 %

2. Ирина Кайратовна 19%

3. Скриптонит 15%
4. Ерке Есмахан 15%
5. Димаш Құдайберген 14%

6. Ayau 9%

Компанияның баспасөз қызметі: «Музыкантты сапарлас ретінде таңдағаннан гөрі, оның көлікте ойнап тұрған музыкасының ұнауы әлдеқайда маңыздырақ, ал қалааралық сапарларға сүйікті достарыңмен саяхаттауға мүмкіндігің болғанына не жетсін» деген пікір айтты.

Сауалнама inDrive қосымшасында 2024 жылдың мамырында жүргізілді, сауалнамаға 1000 адам қатысты. Зерттеу барысында inDrive.Межгород командасы басқа да қызықты жайларды анықтады. Әрбір екінші жолаушы жүргізуші қосқан әуенді тыңдағаннан гөрі, өздері қалаған музыкасын құлаққаппен тыңдағанды жөн көреді екен (48%). Оған қоса 6% жолаушы музыка орнына өзін-өзі дамытуға басымдық беріп, подкасттар мен аудиокітаптар тыңдағанды жөн санайды. Ал әрбір бесінші жолаушы үшін жолда тыңдауға ең жақсы әндер «сүйікті» той әндері болып шықты.

Біздің пайдаланушыларға басқа қалаға сапарды еске түсіретін әндер арасында «Тихий огонек моей души» (Сәлем, жүк тасушылар!) мен Тейлор Свифт және Билли Айлиш әндері де бар.

Сонымен қатар, inDrive Quest Consulting-пен бірлесіп, 18-24 жас аралығындағы жастар арасында тағы бір зерттеу жүргізді. Фокус топтардың нәтижелері бойынша, жас қазақстандықтар белсенді, олар бар ынтасын отбасы мен табыс табуға бағыттайды. Олар туыстарын жиі аралап, достарымен саяхаттағанды және музыкалық фестивальдарға қатысқанды ұнатады.

 


inDrive.Межгород туралы

inDrive.Межгород – мереке күндері, жылдың кез келген маусымында, жыл бойы қалааралық және жолы алыс жақтарға сапарға шығуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әрі қауіпсіз сервис. Жолаушы алдымен жолақы бағасын өзі ұсынады, ал жүргізушілер оны қабылдауы немесе келісе отырып, өзгертуі мүмкін. Жолаушы сапарды бағасына, жүргізушінің рейтингіне және көлік түріне қарай таңдай алады. Сондай-ақ сапарды кестеге сәйкес жоспарлаудың қажеті жоқ, пайдаланушылар кез келген ыңғайлы уақытта көлікке тапсырыс бере алады. Бұл аяқ асты жолға шығып кеткісі келетіндерге таптырмас мүмкіндік.

inDrive.Межгород туралы толығырақ білу үшін және сапарыңызды жоспарлау үшін сайтқа кіріңіз: https://indrive.com/ru/intercity/

 

inDrive компаниясы туралы

inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью қаласында (Калифорния, АҚШ) орналасқан жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы. inDrive қосымшасы 2022 және 2023 жылдары әлемдегі ең көп жүктелген жол жүру қосымшаларының ішінде екінші орында тұр, қосымша 200 миллионнан астам рет жүктелген. Жол жүруден басқа, inDrive қалаішілік және жүк тасымалдарын, шебер шақыру, курьерлік және B2B жеткізу қызметтерін қамтитын күннен күнге саны артып келе жатқан қала қызметтерінің бірқатарын ұсынады.

inDrive әлемнің 46 елінде 749-дан астам қалада жұмыс істейді. Компания келісімді төлем моделі және қауымдастықты қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдау көрсетеді, олар білім беру, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға көмектеседі.

Толық ақпарат www.inDrive.com сайтында

TuraNews

Back to top button