Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесу барысында елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.
Түркия басшысы екіжақты байланыстардың барлық салаларда одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Режеп Тайып Ердоғанның Масуд Пезешкянды сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны және жаңа қызметінде сәттілік тілгені атап өтілді.