Технология

Қырғызстан ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуді жоспарлап отыр

Қырғыз Республикасы 2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ШЫҰ саммиті барысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров айтты.

«ШЫҰ әріптестік әлеуетті табысты арттыруда. Осыған орай, Александр Григорьевич Лукашенконы Беларусь Республикасының ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алуымен құттықтаймын», — деді Садыр Жапаров.

Ол сондай-ақ ШЫҰ-ның даулы жағдайларды саяси және дипломатиялық жағынан реттеуге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

«Пандемия немесе климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлер кезеңінде біздің бірлігіміз бен күш-жігеріміз осы кедергілерді еңсерудің кілті саналады. ШЫҰ-ның даулы жағдайларды белсенді саяси және дипломатиялық жағынан реттеуге деген ұмтылысы маңызды болып қала береді», — деді Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров.

Сөз соңында Қырғыз Республикасының президенті 2025 жылы өз елінде ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button