Бұл туралы Кремль хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға Астанаға келді.
3-4 шілдеде ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары ұйым аясындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және оның қызметін жетілдірудің жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Ағымдағы халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана декларациясына және басқа да бірлескен құжаттарға қол қойылады.
Сондай-ақ Астанада Ресей Федерациясының Президенті саммитке қатысушы мемлекет басшыларымен бірқатар маңызды екіжақты әңгімелесулер өткізуді жоспарлап отыр.