БастыСпорт

Түркия Ұлттық құрамасы Австрияны 2-1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Түркия Ұлттық құрамасы Австрияны 2-1 есебімен жеңіп, ЕУРО-2024 ширек финалына шықты. 

Қос команда Лейпциг қаласында кездесіп, ширек финалдың соңғы жолдамасын сарапқа салған. Бұл матч салыстырмалы түрде тарытсты өтті. Әсіресе, Түркия сапындағы Мерих Демираль 57-секундта мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды.

Уақыт көрсеткіші бойынша бұл Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол саналады. Сондай-ақ, ол 59-минутта тағы бір мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп айырмасын ұлғайтты және Еуропа чемпионатында 2 гол соққан алғашқы түрік футболшы болып, кешегі матчта екі рекорд орнатты.

Арда Гүлер

Сонымен қатар, «Реалдың» жас жұлдызы Арда Гүлер екінші голда нәтижелі пас беріп, жеңіске жетуде маңызды рөл атқарды.

Австрия футболшылары 66-минутта ғана қарымта бір доп соқты және дәл осы нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. Қорытынды есеп: 2:1.

Авсрия құрамасын жеңген түріктер енді Нидерланды командасымен жолығады.

Ал Англия Швейцариямен кездседі. Бұл мачтар 6 шілде күні өтеді. Оған дейін, яғни, 5 шілдеде Испания мен Германия және Португалия мен Франция жұптары өзара мықтыны анықтайды. Жеңіске жеткен тараптар тікелей жартылай финалға шығады.

 

 

Via
24.kz

TuraNews

Back to top button