БастыСаясат

БҰҰ Бас хатшысы ресми сапармен Өзбекстанға барды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш 30 маусымда ресми сапармен Өзбекстанға барды.

Ташкент халықаралық әуежайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришті Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды, деп хабарлайды Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

©Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

«БҰҰ Бас хатшысының Өзбекстанға ресми сапары 1 шілдеге дейін жалғасады. Оның барысында Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері, сондай-ақ жаһандық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады», денілген хабарламада.

Сондай-ақ сапар барысында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізеді.

 

TuraNews

Back to top button