Денсаулық

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан елдімекені мен Қызылата ауылында шектеу шаралары енгізілді. Себебі ондағы ұсақ малдан бруцеллез анықталған.

Жұқпалы аурудың өзге ауылдарға тарап кетпесі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады. Қазір бұл елдімекендерде малды емдеп жатыр. Ал өзге тұрғындар төрт түлігін далаға шығармауы тиіс. Елдімекендегі өзге үй жануарлары бір айға жуық ветеринар мамандардың бақылауында болады.

Source
Tengrinews.kz

TuraNews

Back to top button