Саясат

Ташкент қаласында Моңғолия елшілігі ашылды

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ташкент қаласында алғашқы Моңғолия елшілігінің ашылу салтанаты өтті.

Моңғолия дипломатиялық миссиясының ғимаратын Моңғолия Президенті, Өзбекстан Премьер-министрі және басқа да ресми тұлғалар ашты, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Шарада, елшіліктің Өзбекстан-Моңғолия елдері арасындағы барлық саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қызмет ететіні атап өтілді.

Ашылу салтанатынан кейін, Моңғолия Президенті, Өзбекстан Премьер-Министрі және басқа да ресми тұлғалар Моңғолия дипломатиялық өкілдігі ғимаратында жасалған жағдаймен танысты.

 

TuraNews

Back to top button