Саясат

Нахчывандағы қауіпсіздік енді Бакуге қарасты болды

Әзербайжан баспасөзіндегі хабарға қарағанда, Нахчыван автономиялық республикасының мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жойылды.

Нахчыван Автономиялық Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жойылып, оның орнына Әзербайжан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Нахчыван Бас басқармасы құрылғаны хабарланды, деп хабарлайды TRT Net.

Әзербайжан баспасөзіндегі хабарға қарағанда, Нахчыван автономиялық республикасының мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жойылды. Жойылған бөлімшенің орнына Әзербайжан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Нахчыван бас басқармасы құрылды.

Сөйтіп Нахчыван Автономиялық Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрағасына бағынатын қауіпсіздік қызметі Бакудегі орталық үкіметке тікелей бағынды.

Әзербайжанға қарайтын, бірақ өз конституциясы бар Нахчыван Автономиялық Республикасының ішкі басқаруын парламент спикері жүзеге асырады.

TuraNews

Back to top button