БастыҚоғам

Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді

Астанада 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.

«Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейді.

 

TuraNews

Back to top button