Министрлік мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
- Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.
- Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.
- Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.
- Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.
- Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
- Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
«Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», — денілген хабарламада.